Қылмыстық іс жүргізудегі процестік прокурордың рөлі

20 March 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        2014 жылы Қылмыстық-процестік кодекске процестік прокурор институты енгізілген.

        Ол қылмыстық іс жүргізу барысында дербес қадағалау жүргізеді, тергеушінің санкциялаудағы кейбір өтінішхаттарын қарап, оларды тергеу соты алдында қолдайды.

        Процестік прокурор аса ауыр және қоғамдық резонанс тудыратын санаттағы қылмыстық істер бойынша тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелгеннен бастап қадағалауды ұйымдастырады. Тергеу аяқталғаннан кейін мемлекеттік айыпты сотта қолдайды.

        Мысалы, 2018 жылы Б.Сүндетов пен Б.Нұғманов адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, қарақшылық ниетпен адам өлтіру қылмысын жасап, қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр санаттағы қылмыстық іс бойынша тағайындалған процестік прокурор Б.Ерембаев қадағалауды тиісті деңгейде жүргізіп, мемлекеттік айыптауды сапалы қамтамасыз еткен.

        Қылмыскерлердің әрқайсысы 17 жылға сотты болған.

        Жалпы, өткен жылы Атырау облысы прокуратурасымен 647 қылмыстық істеріне процестік прокурорлар айқындалып, 636 тергеу әрекетіне қатысу жүргізілген.

       Барлық қылмыстық істер бойынша заңды шешімдердің  қабылдануына қол жеткізілген.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment