Алимент төлеуден жалтарған борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

11 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Құрманғазы ауданы прокуратурасының ықпал етуімен алимент төлеуден жалтарған 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде борышкер А.Рыспаевқа қатысты (алимент берешегі     1,9 млн. теңге) ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау), аудандық соттың 20.09.2019 жылғы үкімімен А.Рыспаев кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Сондай-ақ, прокурорлық ықпал ету актісімен Н.Ажбенов ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, аудан прокурорының 03.06.2019 жылғы қаулысымен тараптардың татуласуына (борышкер 400 мың теңге алимент берешегін өтеді) байланысты  іс өндірістен тоқтатылды (ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы негізінде).

Құрманғазы ауданы прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» нәтижесімен алимент берешектері бар 5 борышкер жұмысқа орналасып, 6 борышкер аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде есепке қойылды.

Жалпы облыс көлемінде прокурорлармен қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешегі бар жұмыссыз борышкерлер саны 2,5 мыңнан 724-ке азайып, 100 млн. теңгеден астам берешек өтелді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу