Атырау облысы прокуратурасында Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді

30 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысы прокуратурасында  Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді - 777261644

«Мемлекеттегі басты құндылық - адам өмірі мен оның денсаулығы» деп басталатын бас Заңымыз әр азаматтың құқықтарын қорғайды.

Ата Заңда анық жазылғандай, Парламент заң қабылдайды. Атқарушы билік қабылданған заңдарды іс жүзіне асырады, ал, прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес сол заңдардың дұрыс орындалуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

2017 жылы маусым айында жаңа «Прокуратура туралы» Заң қабылданып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше көңіл аударылды.

Әсіресе, өз құқықтарын дербес қорғай алмайтын тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғауды прокуратура органдарына міндет қылып жүктеді.

2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған нақты жұмыстар нәтижесінде қадағалау шараларымен 240 мыңнан астам тұлғаның құқықтары, оның ішінде 16 мыңының конституциялық құқықтары қорғалды.

Конституция күніне орай өткізілген салтанатты шарада жас мамандар Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры Е.Иманғазиев және Индер ауданы прокуратурасының прокуроры А.Нұртаева ант қабылдап, облыс прокуроры Х.Дәуешов оларға алғашқы «3-ші сыныпты заңгер» шеңдерін табыстады.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Атырау облысы прокуратурасында  Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді - 1104657599
Атырау облысы прокуратурасында  Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді - 240913235

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу