Атырау облысында біліктілікті арттыру курстары басталды

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысында біліктілікті  арттыру курстары басталды - 1012815615

Құқық қорғау органдарының академиясы мен Атырау облысы прокуратурасы бірлесіп «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселелері» тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. 

Курстың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, қылмыстық істерді тергеп-тексеру үшін және оларды сотта қарау мәселелері бойынша тыңдаушылардың білімдерін тереңдете отырып дамыту және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқу курстары аясында тыңдаушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің заманауи әдістерін, соның ішінде ІТ-технологияларды қолдануды үйренді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы отандық және халықаралық тәжірибелермен танысты.   

Бұдан басқа, олар іскерлік қарым-қатынастың психологиялық негіздерін, жобалау менеджментін және шешендік өнерді меңгерді.

Тыңдаушыларға құқық қорғау органдарының ардагерлері мен тәжірибелі қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, судьялар, адвокаттар, бизнес-тренерлер, сондай-ақ сарапшылар қоғамдастығының өкілдері дәрістер оқыды.

Курсқа қатысушылардың пікірінше, игерген білімдері өздерінің тәжірибелік ептіліктерін зор тиімділікпен жүзеге асыруларына септігін тигізетініне сенімді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу