Атырау облысында жәбірленушілер өтемақы қорына сотталғандардан 2,6 млн. теңгеге жуық қаражат өндірілді

22 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мәжбүрлі төлемді өндіру тәртібін айқындайтын «Жәбірленушілер өтемақы қоры туралы» Заңы күшіне енгеннен бастап, Атырау облысы соттарымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 97 сотталғаннан жалпы 2,6 млн. теңгеге жуық қаражат өндірілген.

Прокурорлармен заңның талаптарын дәлме-дәл және біркелкі сақталуын қадағалау барысында сотпен заңның нормалары күшіне енгенге дейін қылмыс жасаған 6 сотталғаннан негізсіз мәжбүрлі төлемді өндіру фактілері анықталды.Прокурорлардың апелляциялық өтінішхаттары бойынша аталған сот актілері заңның талаптарына сәйкестендірілді.

Соттармен мәжбүрлі төлемдерді сотталушылардан өндіру тәртібі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгенін еске саламыз.

Заңның негізгі мақсаты жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық механизімін қалыптастыру, жәбірленушілерге немесе олардың заңды өкілдеріне айқындалған біржолғы ақшалай сомма түріндегі материалдық көмек көрсету бойынша төлеудің қаржылай құралын құру болып табылады.

Заң қаражатты жинақтаудың екі жылдық мерзімін қарастырған, содан соң олар қаражатты алушыға қатысты жасалған құқықбұзушылықтың санатына байланысты 30-дан 50 дейінгі АЕК мөлшерінде төлене бастайды.

Қордағы түсімнің негізгі көзі, ол соттың айыптау үкім шыққан кінәлі тұлғалардан мәжбүрлеп өндірілген қаражат.

Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер:

  • жыныстық зорлық-зомбылық бойынша жәбірленуші болған кәмелетке толмағандар;
  • адам саудасы және азаптаулардан зардап шеккендер;
  • денсаулығына ауыр зиян келтірілген, оның ішінде АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдар;
  • жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның заңды өкілдері.

Тізімге Қылмыстық кодекстің 46 бабы бойынша 124 қылмыс құрамы енгізілген.

Жәбірленуші қордан төлем алғанымен, одан әрі сотталғаннан толық шығынды өндіріп алу мүмкіндігіне шектеу қойылмайтынын атап өткен жөн.

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу