Атырау облысының прокуратурасы мемлекет пайдасына 1,4 млрд теңгенің өндірілуін қамтамасыз етті

04 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аймақтың ерекшелігін ескере отырып, Атырау облысының прокуратурасымен қоршаған ортаны қорғауға аса назар аударылады.

Талдаумен, «Ембімұнайгаз» АҚ-мен факелді қондырғыларда 1,3 млн м3 астам күкірт құрамы жоғары газ заңсыз жағылғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде уәкілетті органмен мемлекет пайдасына 1 млрд 281 млн теңге көлемінде қоршаған ортаға залал сомасы өндірілді.   

Сондай-ақ, қоршаған ортаға рұқсатсыз эмиссия үшін «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС-нен 153,1 млн теңге сомада салық төлемдері өндірілді.

Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігі мәселесі басымды болып табылады және табиғат қорғау заңнамасының бұзылуы жазадан бұлтартпау принципі бойынша жолы кесіледі.

 

Атырау облысының прокуратурасы