Атырау облысының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғады

02 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуратурасы №3 интернат (тіл мүкістігі бар балаларға арналған), арнайы мектеп-интернат (көру және есту қабілеті нашар балаларға арналған) және облыс бойынша жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алу жағдайына тексеру жүргізді.

Тексеріспен 3 900 педагогтың және 322 мүгедек баланың конституциялық құқықтары қорғалды.

Бүгінге, 117 мектеп бекітілген стандартқа сәйкес келмейді (пандустар нормаға сәйкес келмейді, лифт пен әмбебап кабинасы бар әжетханалар орнатылмаған, психикалық ауытқуы бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық қорытындысына қайшы жалпы мектеп бағдарламасымен оқытылуда және т.б.), ұзақ уақыт 3 мыңнан астам педагогтар қосымша ақыларын алмаған.

Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация қызметкерлері ішкі санитарлық тазалық бөлмесін пайдаланып, мүгедек балаларды ғимараттан 20 метр жерде орналасқан даладағы дəретхананы  пайдалануға мəжбүрлеген (іс жүзінде істеп тұрған санитарлық тазалық бөлмесіне «Дəретхана істемейді! Су жоқ! Дəретхана далада!» деген жазулар жапсырылған).

Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация өз қызметін тиісті санитариялық қорытындысыз атқарып келген, қызметкерлері медициналық тексерістен өтпестен мүгедек балалармен қатынасқа түскен. Сондай-ақ, жарты күн ғана жұмыс жасап, заңсыз толық жалақы алған.

Арнайы мектеп-интернатының бас есепшісі жалған құжаттарды пайдаланып, мүгедек балалардың экскурсиясына бөлінген бюджет қаражатын жымқырып алған.

Ал интернат директорлары болса, жалған түрде мүмкіндігі шектеулі балалармен қызмет атқарғаны үшін заңсыз қосымша жалақы алып келген.

Интернаттарда күн сайынғы түңгі ас және міндетті түрде берілу тиіс жемістер (жеміс-жидек, бутерброд және тәтті тағам) берілмеген.

Интернаттар мен кейбір мектептерде тәрбиешілері мен педагогтары жоғары оқу орнын аяқтағаны жөнінде жалған дипломды пайдаланып келген.

Прокуратурамен қадағалау актілері енгізіліп, нәтижесімен 52 тұлға тәртіптік, 22 – әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 интернаттың қызметі тоқтатылды, сауықтыру қызметтерінің бағасы төмендетілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу