Атырау облысының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

13 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысының прокуратурасында  азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1045812893

Азаматтарды қабылдау орталығы – бұл жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрайтын бөлек тұрған ғимарат. Орталықтың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың коляскаларына арналған пандусымен жеке кіреберісі бар. Ішінде келушілерге арналған дивандары бар кең залдан бөлек, әйнекпен бөлектелген бөлмелері бар.

Ашық бөлмелердің бірінде кезекші прокурор азаматтарды тәулік бойы қабылдайды. Келесі кең бөлме азаматтарды ұжымдық өтініштермен қабылдауға немесе прокурордың басқа құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес өткізуіне арналған. Үшінші әйнек бөлмеде кестеге сәйкес облыс прокуроры Х.З. Дәуешов және оның орынбасарлары азаматтарды қабылдау жүргізеді.

2019 жылы жеке қабылдауға прокуратураға 2000 аса азамат жүгініп, басшылықпен 1219, жеке облыс прокурорымен 405 азамат қабылданған.

Азаматтарды қабылдау орталығы Мемлекет басшысының жолдауы аясында жүзеге асырылды – Президент «естуші мемлекет» концепциясына ауысу қажеттігін, прокурорлардың азаматтарға қол жетімді болуын қамтамасыз ету бағытында халықпен тығыз байланыс орнатуды атап көрсеткен.

Азаматтарды қабылдау орталығында жеке және заңды тұлғаларды, олардың өкілдерін прокурорлардың жеке қабылдауы, біздің халыққа жақын болып, азаматтардың мәселелерін шешу және жедел заң көмегін көрсету үшін жұмыс жасайтындығымыздың белгісі.

Кезекші прокурордың компьютеріне органдардың қабылданған барлық процесуалдық шешімдеріне қадағалауды жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдарының барлық жүйесі енгізілген және тиісті заң кеңесі беріледі.

Қажет болған жағдайда азаматтардың өтініштерін 24 сағат бойы қабылдауға мүмкіндік болады.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Атырау облысының прокуратурасында  азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 900726101
Атырау облысының прокуратурасында  азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 23414551
Атырау облысының прокуратурасында  азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 992690522

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу