Атырау облысының прокуратурасында Консультативтік кеңес отырысы өткізілді

12 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы прокуратурасының жанындағы Консультативтік кеңесте 2017 жылы және 2018 жылдың 9 айында алаяқтық профилактикасы бойынша құқық қорғау органдарының жұмыс нәтижелері талқыланды.

Қабылданған шараларға қарамастан, алаяқтықтың 11% (596-дан 661-ге) өсуі байқалады.

Тек ағымдағы жылы аяқталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге 276 млн. теңгеге (2017ж. – 538 млн. теңге) залал келтіріліп, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 93 млн. теңгесі (201 млн. теңге) қайтарылды.

Алаяқтықтың ең көп тараған түрлері – бұл интернет жүйесі, мобильдік байланыс арқылы жасалатын, сондай-ақ жұмысқа орналасуда, жылжымайтын мүлікті алуда ықпал ету сылтауымен жәбірленушілердің ақшасын иелену әрекеттері танылады.

Мысалға, а.ж. ақпан айында Орал қаласының тұрғыны интернет арқылы автобөлшектерді алу мақсатында бұған дейін танымайтын белгісіз тұлғаға «Kaspi Bank» терминалы арқылы 100 мың теңге аударған. Алайда, ақша аударымын алған тұлға, тауар жеткізу ниеті болмай, көрсетілген қаражатты иемденген.

Қазіргі уақытта, тараптар татуласуына және келтірілген залалдың орны толтырылуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

Осы тектес көптеген мысалдар бар.

Ағымдағы ахуалды түзету және алаяқтық фактілерін барынша азайту үшін қылмыскерлердің сатып алушыларды алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы ақша қаражаттарын иемдену тәсілдері туралы халыққа түсіндіру арқылы профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде шешім қабылданды.

Осыған орай, азаматтар алаяқтардың қолына түспеу үшін ғаламторда қандай да бір мәмілелер жасау кезінде мұқият болу керек.

Интернет арқылы қымбат заттарды сатып алғанда, тауардың бар екеніне және сатушының шынайылығына көз жеткізу қажет.

Кіріс SMS-хаттар немесе ұтыстар туралы қоңыраулар бойынша оларға кері қоңырау шалмау ұсынылады. Егер, әңгімелесуші банктік карточкасына, телефонға ақша қаражатын аударуды, ұялы телефонға түскен кодтарды хабарлауды ұсынған жағдайда, онымен әңгімені немесе хат алмасуды тоқтатып, полиция органдарына хабарлау қажет.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу