Атырау облысының прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді

04 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысының прокуроры  кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді - 1222973112

Облыс прокуроры Х.З. Дәуешов кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау өткізді.

Жалпы қабылдауға 10 кәсіпкер келді. Олардың өтініштері кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері, жер учаскелерін заңсыз басып алу, монополистердің заңсыз әрекеттері және шарт бойынша міндеттемелерді өндіру мәселелері болды.

Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер облыс прокурорының бақылауына алынды.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес ай сайын облыс прокуроры кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау жүргізеді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Атырау облысының прокуроры  кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді - 2090406368
Атырау облысының прокуроры  кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді - 698987523