Атырау облысының прокуроры жеке қабылдау өткізді

06 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысының прокуроры жеке қабылдау өткізді - 800056361

Облыс прокуроры Атырау облысы прокуратурасының азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді.

Негізгі мақсат – құқықтық қызметтерді жедел көрсету және азаматтардың құқықтарын уақтылы қорғау.

Жалпы қабылдауға 13 азамат келді. Олардың өтініштері кәсіпкерлік, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне қатысты болды.

 Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер қадағалау органы басшысының бақылауына алынды.

Ағымдағы жылы прокуратура аумағында азаматтарды қабылдау орталығы ашылып, тәулік бойы кезекші прокурор арызданушыларды қабылдайды. Демек, облысымыздың кез келген тұрғынына күндіз-түні білікті заң көмегін алуына мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, 06.02.2020 жылдан бастап облыс прокуроры мүмкіндігі шектеулі адамдарды (жүрiп-тұруы қиын мүгедектер, зейнеткерлер) видеобайланыс арқылы қабылдау жүргізеді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Атырау облысының прокуроры жеке қабылдау өткізді - 1784006268
Атырау облысының прокуроры жеке қабылдау өткізді - 1964831760

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу