Атырау прокурорлары алимент төлеушілерді жұмысқа орналастыруда

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау прокурорлары алимент төлеушілерді  жұмысқа орналастыруда - 1562123422

Атырау қаласының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін акция өткізді.

Бүгінгі күнге балалар алдында 70 млн теңге қарызды құрайтын қала бойынша барлығы 6 879 атқарушылық іс жүргізу бар.

Қала прокуратурасының бастамасымен Әділет департаментімен, жеке сот орындаушылар палатасымен және жұмыспен қамту орталығымен бірлесе «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

Акцияда қаламыздың 6 ірі мекемелері және 50-ге жуық тұрақты жұмыс орындары жоқ, алайда алимент берешектері бар борышкерлер қатысты.

Акция нәтижесімен барлық қатысушылар өздерінің түйіндемелерін мекеме өкілдеріне тапсырды.

Мұндай шаралар борышкерлерге өз балаларын қамтамасыз ету үшін жақсы жұмыс орнын табуға көмегін тигізуде.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Атырау прокурорлары алимент төлеушілерді  жұмысқа орналастыруда - 1551096595

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу