Атырау прокурорлары білім саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

17 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның тапсырмасы негізінде Атырау облыстық прокуратурасы Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) мен колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Барлық білім беру ұйымдарында (2 ЖОО мен 15 колледж) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек студенттердің әлеуметтік кепілдіктеріне қысым жасау, білім алу орындары заңнама талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталған.

Прокурорлық ықпал ету актілерімен мемлекеттік бюджетке 146 млн. теңгеден жоғары сомма қайтарылды.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек 108 студентке заңнама талаптарына қайшы ұлғайтылған мөлшерде төленбеген 9 млн. теңге шәкіртақы колледждермен төленеді.

Қадағалау актісімен бір колледжден бір мезгілде бір контингентті оқытып, бірақ Білім және ғылым министрлігімен жасалған екі шарт бойынша тапсырылған актілер негізінде республикалық бюджеттен заңсыз ие болған 64 млн. теңге мемлекеттік бюджетке өндірілді.

Нексеру нәтижесінде прокуратура органдарының АЕК-на 12 құжат тіркелген, оның ішінде 7 жалған диплом, 2 сеніп тапсырған мүлікті ысырап ету және алаяқтық фактілері бойынша.

Әкімшілік жауапкершілікке 2, тәртіптік жауапкершілікке 42 тұлға тартылды.

                    Атырау облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу