Атырау прокурорлары бизнес құқығын қорғауда

25 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялады.

Мемлекеттік органдардың бизнес субъектілерінде заңсыз тексерулер жүргізуіне жол бермеу мақсатында прокуратурамен өткен жылдың соңында «мобильдік топ» құрылды, соның арқасында 300-ден астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Мәселен, жарияланған мораторийге қарамастан қалалық ветеринария бөлімі заңға сәйкес негізі болмаса да қаланың ірі базарларында шағын бизнес субъектілерінде тексерулер жүргізген.

Осыған тектес, «Бас жоспар» ЖШС-і бизнес субъектілеріне заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бере отырып тексеру жүргізген.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, 6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Білім беру мекемелерінде ыстық тамақтануды қамтамасыз ететін кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексеру тәуекеліне көбірек ұшырайды.

Қолданыстағы заңнама мен мораторий тәртібін түсіндіру мақсатында Атырау қаласы прокуратурасы осы кәсіпкерлермен кездесу өткізді, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік бөлімнің өкілдері шақырылды.

Осы бағытта жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

 

Атырау облысының прокуратурасы