Атырау прокурорлары медициналық қызмет бағаларының төмендеуіне қол жеткізді

05 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлық ықпал ету шараларымен Атырау қаласындағы медициналық ұйымдар беретін анықтамалар құны 2 есеге төмендеді.

Атырау қаласы прокуратурасымен медициналық қызметтер құнын қалыптастыру заңдылығы мен негізділігіне жасалған мониторингпен қала емханаларының 086у және 083у нысанды анықталарын беру қызметі құнын анықтау кезінде шығындар бөлігінде мамандардың еңбек ақылары мен басқа да ұсталымдарын негізсіз есепке алғаны анықталды.

Прокурорлық ықпал ету актілерінің қаралу нәтижесімен 086у және 083у нысанды анықтамалар бойынша қызмет құны 2 есеге немесе 7 990-ден 3 875 теңгеге және 5 070-ден 2 810 теңгеге төмендетілді.

Талдау облыстық психикалық денсаулық орталығында да осы тектес жағдайдың қалыптасқанын көрсетті.

Қадағалау актісімен диспансерлік есептегі жағдайы бойынша анықтама құны 1 200-ден 1 000 теңгеге, ал көлік басқаруға, қару алып жүруге рұқсат үшін анықтама 3 500-ден 3 100 теңгеге түсірілді.

Сөйтіп, облыс прокуратурасымен мемлекеттік қызметтің құнын заңсыз өсіру тәжиребесі тоқтатылып, шектелмеген адамдар қатарының құқықтары қорғалды.

                    Атырау облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу