Атырау прокурорлары мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғауда

04 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау прокурорлары мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғауда - 1722243060

Прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарды қорғау болып табылады.

Атырау қаласының прокуратурасы уәкілетті органмен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолайлы жағдай жасалмай 8 әлеуметтік объектінің құрылысын жоспарлау фактілерін анықтады.

Мысалға, «Өрлеу» бала-бақшасының жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша пандус ұзындығы - 7,4 метр және биіктігі - 0,9 метр көзделген, алайда заңға сәйкес көрсетілген биіктікте оның ұзындығы - 10,8 метрден кем болмауы тиіс.

Қабылданған прокурорлық шаралармен барлық 8 объектінің ЖСҚ-лары заңға сәйкес келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Осы бағытта жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

 

Атырау облысының прокуратурасы