Атырау прокурорлары жер заңнамасының бұзылуын анықтады

15 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамаларының сақталуы бағытында жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде жеке тұрғын үй және коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін табыстау кезінде ереже талаптарын жүйелі түрде бұзу, жер учаскелерін заңсыз бөлу, олардың пайдалану мақсатын өзгерту және т.б. заң бұзушылықтар белгілі болды.

Прокурорлық актілер негізінде бюджетке жер учаскесін сатудан түсетін 70 млн.теңге қаражат кірістеліп, кадастрлық құны 31,2 млн.теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Мысалы, прокурордың талап арызы негізінде Махамбет ауданы әкімдігі мораторий кезінде жеке меншік құқығымен заңсыз берген ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын көлемі 800 га 2 жер учаскесі сот шешімі бойынша қайтарылды.

Жалпы жүргізілген тексеру нәтижесінде 126 заң бұзушылықтар анықталып, 25 ұсынудың қаралуымен 40 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 673 адамның құқығы қорғалды.

Атырау облысының Әдеп жөніндегі кеңесі 9 жергілікті атқарушы органның басшысын мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін «қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартты.

 

                 Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу