Атырауда қадағалау шараларымен 32 млн. теңгеден астам берешек өтелді

03 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде қалалық Жұмыспен қамту орталығының 617 жұмысшы алдында 32,6 млн. теңге берешегі анықталды.

Бұған қоса, 8,1 млн. теңгеге міндетті әлеуметтік аударымдары уақытылы аудармау фактісі анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, берешектер толық көлемде өтеліп, 2 кінәлі тұлға жауаптылыққа тартылды. 

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу