Атырауда «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның бөлім бастығы пара алғаны үшін ұсталды.

16 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұловтың хабарлауынша, 13 қазан 2017 жылы облыс прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлерімен «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның АОФ қызметкері ұсталды.

Облыс прокурорының айтуы бойынша, 28 қыркүйек 2017 жылы  облыстық ҰҚКД-не азамат Л. мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұтқан компаниясымен облыстың автожолдарын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында әртүрлі әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін «Қазавтожолдың» лауазымды тұлғалары тарапынан ақша қаражаттарын сұрау фактілері туралы шағымданған.

Облыс прокуратурасымен жасырын тергеу әрекеттеріне бірден санкция беріліп, нәтижесінде фактілер расталды, орындалған жұмыс актісіне қол қою үшін мердігер компаниядан делдал арқылы ірі көлемде 73 300 АҚШ долларын алу кезінде ҰҚКД-нің қызметкерлерімен «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның АОФ бөлім басшысы К ұсталды. 

Облыс прокуроры ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары келісім шарттарға қол қойған соң, мердігер компанияның басшылығынан пара түрінде ақша қаражаттарын сұрағанын атап көрсетті.

Қазіргі уақытта күдіктілер ҚПК-нің 128 бабына сай, Атырау қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, Қылмыстық кодексінің 366 бабы 4 бөлігімен (пара алу) тергеп тексеру жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу