Атырауда мемлекеттік айыпты қолдау мәселесі талқыланды

06 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырауда мемлекеттік айыпты қолдау мәселесі талқыланды - 923241142

Мемлекеттік айыпты қолдаудың сапасын көтеру мақсатында сот, қорғаушылар өкілдерінің, заңгер-ғалымдар және прокурорлардың қатысуымен семинар өткізілді.

Атап айтқанда, қызметтегі судьялар мен қорғаушылардың тиісті ұсыныстары тыңдалып, кейбір санаттағы қылмыстық істер бойынша құқықтық қолдану тәжірибе мәселесі, сондай-ақ а.ж. қаңтарында Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Процестік келісімді жасау бойынша бірлескен ұсыныстар пысықталды.   

Семинар қорытындысы бойынша прокурорлар дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысуға, мемлекеттік айыпты сапалы қолдауға және қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Атырауда мемлекеттік айыпты қолдау мәселесі талқыланды - 146776786