Атырауда табиғат пайдаланушыдан 54 млн. теңге салық өндірілді

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау қызметінің нәтижесімен «Эмбамунайгаз» АҚ-нан 54 млн. теңгеден астам салық өндірілді.

Аталған сома сақтауда болған өндірістік қалдықтардың көлемін жасырғаны үшін есептелген.

2017 жылы компанияның меншікті полигондарында 10 мың тоннадан астам қауіпті қалдықтар сақталғаны, алайда табиғат пайдаланушымен қоршаған ортаға эмиссиялары үшін салық декларацияларында деректер төмендетіліп 2,9 мың тонна көрсетілгені анықталды.

Дәйексіз мәліметтер ұсыну нәтижесінде бюджетке 50,1 млн. теңгеден астам қаражат түспеген.

Прокуратураның актісі бойынша мемлекет пайдасына 50,1 млн. теңге төленбеген салық сомасы және 3,9 млн. тенге мөлшерінде айыппұл өндірілді.   

 

 Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу