Атырауда үстел теннисінен және бильярдтан турнир өтті

14 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуратурасында кәсіби мерекеге және алдағы Тәуелсіздік Күніне орай қызметкерлер және ардагерлер арасында үстел теннисі мен бильярдтан турнир өтті.

Біріншілікке қатысу үшін 40 адам өтініш білдірді.

Жігерлі күрес нәтижесінде Үстел теннисінен ең жақсы нәтиже прокуратура органдарының ардагері Аслан Қартабайұлы Досымбаев көрсетті, екінші орында – Атырау қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Мирас Жалмурзин, үшінші орында – мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Мақсат Әзірбаев.

Бильярд бойынша турнирдің қорытындысымен бірінші орын иесі болып Атырау қаласы прокурорының орынбасары Ерлан Құтқожа танылды, екінші орынды облыс прокурорының көмекшісі Нұрсұлтан Саппаев, үшінші орынды прокуратура органдарының ардагері Хабиболла Сарсенбайұлы Қасымов иеленді.

Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға грамоталар және естелік сыйлықтар табысталды.

Қатысушылар өткізілген шаралардың прокуратура органдарында спорт пен салауатты өмір салтын дамыту және танымал етуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

        

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу