Атырауда заңсыз жүрген 14 Қытай азаматы елден шығарылды

03 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарымен шетелдік компаниялар тарапынан халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, тиісті қадағалау актілерін енгізуде.

Қызылқоға ауданының прокуратурасы енгізген ұсыну нәтижесінде полициямен рейдтік жұмыстар өткізу барысында Ақтөбе-Атырау автожолының Сағыз-Мақат бөлігінде жол құрылысын жүргізуші мердігер «Шанхай Констракшн Груп Ко., Лтд» компаниясы объектісінен, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмайтын Қытай Халық Республикасының азаматтары анықталды.

Аудандық соттың қаулыларымен 14 Қытай азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 517-бабының 2-бөлігімен жауаптылыққа тартылып, Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу