Атырауда жаңа форматты стационарлы полиция бекеті ашылды

25 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспары негізінде жасалған «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.

Облыс прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың мамыр айында құқық бұзушылық профилактикасы жұмысында оң нәтижелері бар Қызылорда облысына құрамында прокуратура, жергілікті атқарушы орган және полиция қызметкерлері кірген жұмыс тобы жіберілді.

Іс сапар қорытындысымен Атырау қаласының қоғамдық орындарында стационарлы полиция бекеттерін орнату жөнінде шешім қабылданды. Әкімдікпен қажетті бюджеттік қаражат бөлінді.

Барлығына белгілі, азаматтарға ең бірінші көмекке келетін      полиция құқық қорғау органдарының жүйесінде алдыңғы түйін болып табылады.

22 шілде күні Атырау қаласының Исатай-Махамбет алаңында (Орталық мешіт қасында) алғашқы жаңа форматты стационарлы полиция бекетінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

Бекет барлық қажеттімен, оның ішінде заманға сай құралдармен, компьютерлік техникамен, ІІМ-нің арнайы базасымен және сыртқы «102» қоңырауымен жабдықталған.

Қала прокуроры А.Тайтуллиннің айтуынша, осындай стационарлы полиция бекеттері қалада халыққа көрінетін және қолжетімді орындарда орнатылып, келіп кету азаматтардың да, полиция қызметкерлерінің де ыңғайлығы мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретін болады.

Ол, осы бекеттердің тәулік бойына жұмыс жасауы қылмыстылықты тежейтін факторлардың бірі болып, құқық бұзушылыққа жедел әрекет ету мен қаланың қоғамдық тәртібін сақтауға мүмкіндік беретініне сенімді.  

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 маусымында прокуратура аумағында азаматтарды қабылдау орталығы ашылып, тәулік бойы кезекші прокурор арызданушыларды қабылдайды. Демек, облысымыздың кез келген тұрғынына күндіз-түні білікті заң көмегін алуына мүмкіндік бар.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу