Аймақ тұрғындарын құқық қорғау органдары мен соттардың жұмыс тəртібі туралы хабардар ету

03 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Аймақ тұрғындарын құқық қорғау органдары мен соттардың жұмыс тəртібі туралы хабардар ету - 1777439241

Құқық тәртібі органдары тұрғындар мен қызметкерлерді коронавирустан қорғауға көмектесу үшін денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты қосымша сақтық шараларын қабылдауда. Бұл шаралар Қазақстан тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ біздің қызметкерлердің денсаулығын және олардың қоғамды қорғау қабілетін қолдауға арналған.

Құқық қорғау органдарының ғимараттарына бару
Құқық қорғау органдарының ғимараттарына кіру шектелетін болады. Қылмыс туралы хабарлау үшін немесе басқа да қызметтерді алу үшін келген адам арнайы жабдықталған және өңделетін орындарда көмек алады. Құқық қорғау органдары тарапынан көмекке мұқтаж кез келген адам алдымен 102 телефонына қоңырау шалғаны дұрыс. Қоңырау шалушының сұрайтын көмегінің сипатына байланысты қызметкермен жеке немесе телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндігі болады.