БАҚ үшін ақпарат

31 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БАҚ үшін ақпарат - 1611929106

Төтенше жағдай және карантин талаптарын орындауды қамтамасыз ету бойынша мобильді топ ағымдағы жылдың 30 наурызында сағат 21.00-ден 24.00-ге дейін рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Анықталған құқық бұзушылықтар (11 дерек) – гүл дүкендерінің жұмыс істеуі (3) және азық-түлік дүкендері сатушыларының карантин кезінде санитарлық нормаларды сақтамауы (бетперде және қолғапсыз, 8).

Олар – «Юность» аялдамасы тұсындағы гүл дүкендері және «Әлия Сания» (С.Нұрғалиев көшесі, 5/1), «Зулпат» (Сатыбалдиев көшесі, 96), «Райхан», «Шах» және «Айнұр» (Авангард ы/а), «Тамыз» (Азаттық көшесі, 49), «Самет» (Абай көшесі, 4а/1), «Тамин Арт» (Придорожная көшесі, 66) азық-түлік дүкендері.

Қазіргі таңда 1 дүкеннің (Шах) иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабы (6-тармақшасы) бойынша әкімшілік іс қозғалды (карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу арқылы төтенше жағдай режимiн бұзу), сотпен қаралатын болады. Басқа тәртіп бұзушыларға шаралар қолданылуда.

Мұндай рейдтер жалғастырылатын болады және белгіленген уақытша шектеулерді бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Осыған байланысты, азаматтардан карантиннің барлық талаптарын сақтауды және оған түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

Атырау облысының прокуратурасы