БАҚ үшін ақпарат

02 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БАҚ үшін ақпарат - 580628970

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің хабарлауына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 наурызынан қала аумағында карантин жарияланды.

Қала бойынша белгіленген уақытша шектеулерді және карантин кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 674 қызметкер, 68 автокөлік жұмылдырылған.

Оның ішінде, Ішкі істер органдарының қызметкерлері - 500, Ұлттық ұлан сарбаздары - 94, Қорғаныс Министрлігі қызмкеткерлері - 80.

Қаланың шығу жолдарында ұйымдастырылған 4 блок посттардың жұмысын қамтамасыз ету үшін Ішкі істер органдарының - 48, Қорғаныс Министрлігінің - 56 қызметкері және 12 арнайы автокөлік жұмылдырылған.

Прокуратура құрған мобильдік топпен қала аумағында әлі де төтенше жағдай режимiн бұзу фактілері анықталуда.

Осыған байланысты, Атырау қаласының прокуроры халықтың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарды карантиннің барлық шарттарын сақтауға шақырады.

Себепсіз үйден шығуға тыйым салынады.

Қала тұрғындарынан осы жағдайға түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз.

 

Атырау облысының прокуратурасы