«Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдіру тұжырымдамасы»

24 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдіру тұжырымдамасы» - 392277786

17.11.2017 ж. қалалық прокуратураның бастамасымен Қылмыстық процесті халықтың мүддесіне оңтайландыру бойынша және Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдіру тұжырымдамасын талқылау бағытында Атырау облыстық ІІД-ті және қалалық ІІБ-сы мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         Жиын барысында алдағы уақытта ұстап алу мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа қысқарту арқылы қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру, тергеу рәсімдерін жеңілдету мен рентабельді жүргізу, сотқа барлық санкциялау өкілеттігін беру арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.  

         Бұдан басқа, Бас прокуратураның «Қылмыстық процесті халықтың мүддесіне оңтайландыру» пилоттық жобасы іске асырылуда.

         Бұл жобаның негізі - қысқа мерзімде тіркелген қылмыстық істерді 3, 7, 10 тәулік ішінде тергеп-тексеріп сотқа жолдау, ал басты мақсаты қылмыстық процеске негізсіз адамдарды қатыстыру және сөзбұйдалықты жою,  қоғамда әділдікті тез арада орнату, қылмыстық қудалау органына түсетін арыз-шағымдарды азайту және халықтың сенімін арттыру.

         Жоба аясында сотқа 201 қылмыстық іс сотқа жолданған, оның ішінде 3 тәулік мерзімде – 48, 7 тәулік – 77, 10 тәулік – 76 қылмыстық іс.

         Жиын қорытындысымен қылмысты қудалау органдарына қылмыстық процесті жетілдіру және оңтайландыру бағытында нұсқау берілді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу