«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау қ. филиалы 65 млн теңгеге негізсіз пайда көрген

04 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы газ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының (бұдан әрі - Филиал) қызметіне талдау жүргізді.

Филиал «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24-бабының талаптарын бұзып, тұтынушылардан газ қосу қызметі үшін заңсыз төлемдерді талап етіп, 2 жыл (2018-2019ж.ж.) ішінде 65 млн теңге кірістеген.

Осы заң бұзушылықтар үшін Филиал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес (табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 4 млн теңге айыппұл өндірілді.

Прокуратураның араласуымен облыс тұрғандарына газ қосу қызметтері тегін жүргізілетін болды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды.

Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актісі негізінде 21 млн теңге көлемінде заңсыз алынған төлемдер кәсіпкерлердің жеке шоттарына кері қайтарылды, ал жеке тұлғаларға 44 млн теңге қайтарылу үстінде.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Атырау облысының прокуратурасы