Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасының тапсырмасымен 2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Оның мақсаты - цифрлық технологиялар арқылы ел экономикасының даму қарқынын арттыру мен халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі қылмыстық және әкімшілік өндірістерін электронды форматқа көшіру.

Аталған бағыттың шеңберінде әкімшілік іс жүргізу өндірісі қозғалған сәттен бастап оның түпкілікті орындалысын автоматтандыру үшін Бас прокуратурамен «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (бұдан әрі - ЕРАП) қолданысқа енгізілді.

Жүйе құқық бұзушыға бірден электронды хаттама толтырып, сол жерде пос-терминал арқылы әкімшілік айыппұлды төлеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер бірден біріктірілген дерекқорға енгізіледі.

Бұрын аталған процесс қағаз жүзінде іске асырылып, адами фактор себебінен орын алатын қателер пайызы жоғары болатын.

Бүгінгі күні, жүйе лауазымды тұлғалармен процессуалдық қате жіберу жағдайларын жояды, өйткені ЕРАП құқық бұзушы туралы қажетті барлық мәліметтермен қамтылған және тиісті параметрлері болуына байланысты дұрыс емес хаттама толтыруға, оны түзетуге немесе ақпаратты бұрмалауға жол бермейді.

Пилоттық жоба Жылыой ауданының Құлсары қаласында сынаудан табысты өткен соң, а.ж. мамыр айынан бастап ЕРАП Атырау облысы полиция қызметкерлерімен белсенді қолданылуда.

Бүгінгі күні, жүйе арқылы 20 мыңнан астам электронды әкімшілік хаттамалар толтырылып, 123 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу