Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильдік топтар құрылды

19 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз тексерулерді болдырмау, оның жолын кесу және кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын бұзу фактілеріне жедел әрекет ету мақсатында облыс прокурорының өкімімен мобильдік топ құрылды.

Облыс, қала және аудан прокуратураларының жанынан құрылған мобильдік топ әрбір хабарлама (ауызша, жазбаша, байланыс құралдары арқылы) бойынша оқиға орнына шығу арқылы жедел әрекет ететін болады.

Айта кету қажет, өткен мерзімде облыс прокуратурасымен заңсыз тексерістен запар шеккен кәсіпкердің арызы қаралып, тексеруші органның лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тексеріс құжаттарының күші жойылды.

Бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар үнемі жүргізілетін болады.

 

Облыс бойынша мобильдік топтардың

жедел байланыс телефондары:

  • Облыс, қала және табиғат қорғау прокуратурасының мобильдік тобы

тел.: 8 (7122) 27 07 78, 27 07 87

ұялы тел.: 8 (701) 066 77 22

  • Жылыой ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (71237) 5-18-70

ұялы тел.: 8 (705) 246 69 83

  • Қызылқоға ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (71238) 2 18 94

ұялы тел.: 8 (778) 853 24 00

  • Құрманғазы ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (7123) 32 05 77

ұялы тел.: 8 (778) 364 56 04

  • Махамбет ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (71236) 2 14 60

ұялы тел.: 8 (775) 507 25 44

  • Исатай ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (71231) 2 07 97

ұялы тел.: 8 (778) 517 99 98

  • Индер ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (71234) 2-10-54

ұялы тел.: 8 (778) 520 23 43

  • Мақат ауданының мобильдік тобы

тел.: 8 (71239) 3 01 72

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу