Кәсіподаққа мүше болу әркімнің міндеті емес, құқығы

14 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жұмысшыларын кәсіподақта болуға міндеттеу талабы жойылды.

Жұмыс беруші ұжымдық еңбек шартына кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын жұмысшылар әлеуметтік қолдаулар, көтермелеу мен өзге де жеңілдіктер алу құқығы болмайтыны туралы өзгерісттер енгізгені анықталды.

Мекеменің 5 мыңнан астам жұмысшысы, көрсетілген артықшылықтардан айырылмау мақсатында жалақыларынан 1% мөлшерде ай сайынғы мүшелік жарналарын төлеу арқылы кәсіподаққа кіруге мәжбүр болған.

Прокурорлар жұмыс берушінің әрекетінде еліміздің Конституциясының 24 бабымен кепілдендірілген, жұмысшының еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алу құқығының өрескел бұзылғанын анықтады.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісімен ұжымдық шарттан заңсыз талап алынып тасталып, 5 мыңнан астам жұмысшы заңсыз талаптарды орындаудан босатылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу