Құны 237 млн. теңге тұратын мүлік мемлекетке қайтарылды

03 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының Исатай аудандық прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз беру фактісін анықтады.

Аққыстау селолық округі әкімінің өкімімен осы елді мекендегі су шаруашылығы ғимарат құрылыстары сенімгерлікпен басқару үшін «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС-на тендерсіз берілген.

Алайда, ҚР Ұлттық экономика министрінің «Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы ғимарат құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру туралы» бұйрығына сәйкес, аталған мүлік сенімгерлік басқаруға тендер негізінде берілуі тиіс еді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылық жойылып, бағалау құны 237,2 млн. теңге тұратын мүлік мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу