Қызылқоға ауданының прокуратурасы оқушылармен кездесу өткізді

16 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылқоға ауданының прокуратурасы оқушылармен кездесу өткізді - 629478278

13.10.2017 жылы Қызылқоға ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу қарапайым түсінікті форматта, өмірдегі мысалдарды қолдану арқылы өтті. Прокуратура қызметкерлері оқушыларға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнама тәртібі мен әкеліп соқтыратын зардаптары туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, аудан прокуроры Б.Тоғызбаев қазіргі заманғы қоғам өміріндегі прокуратураның орнын айтып, прокуратура органдарының мақсаттары мен міндеттерін, қадағалау қызметіне кандидаттарды таңдау тәртібін түсіндірді.

Кездесудің соңында прокуратура мен өкілдері оқушылардың көптеген сұрақтарына жауаптар берді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу