Мемлекет меншігін заңсыз сату тоқтатылды

10 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы Жылыой аудандық прокуратурасы мемлекеттік мүліктерді заңсыз сату және пайдалану фактілерін анықтады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару аукцион арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, «Жылыой Су» мемлекеттік кәсіпорны аталған Заң талабын бұза отырып, «Intermet Group» ЖШС-мен бағалау құны 16 млн. теңге тұратын қара металдарды (су құбырларын және су сақтау қазанын) сату шартын жасаған.

Осы тектес, Құлсары қаласының әкімдігі ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру» қағидаларының талабын сақтамай, құны 32,4 млн. теңге құрайтын арнайы техникаларды «Жылыой Тазалық» ЖШС-не тендер өткізусіз сенімгерлікке берген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, бағалау құны 48,4 млн. теңге тұратын мүлік мемлекетке қайтарылды. Жауапты 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу