Мемлекеттік бюджетті толықтыру – қадағалаудың басты назарында

17 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мемлекеттік бюджетті толықтыру – қадағалаудың  басты назарында  - 1841227323

Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысында сот орындаушыларының қызметіндегі мемлекет пайдасына қаражат өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізулердің орындалу заңдылығына жүргізілген тексерулердің нәтижелері қорытындыланды.

Прокурорлық тексерулердің нәтижесінде 638 атқару парақтарын жұмыс орындарына жолдамау, 27 борышкерге шетелге шығуға уақытша шектеу қоймау, олардың мүліктеріне тыйым салмау және 673 борышкердің мүліктерін сауда-сатыққа шығармау жағдайларының орын алғаны белгілі болды.

Сот орындаушылары құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесіне қосылғанымен, борышкерлердің материалдық жағдайларын зерделемеген.

Нәтижесінде, мүліктерге тыйым салынбаудың салдарынан 8 борышкер өз иеліктеріндегі 13 мүлікті емін-еркін тіркеуден түсіріп, сатып жібергені анықталды.

Прокурорлық ықпал ету актілері негізінде мемлекеттік бюджетке 37 млн. теңгеден астам қаражат өндіріліп, 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға бағдарланды, сот актілерін тиімді орындауға бағытталған нақты міндеттер қойылды. 

 

Атырау облысының прокуратурасы

Мемлекеттік бюджетті толықтыру – қадағалаудың  басты назарында  - 403763165
Мемлекеттік бюджетті толықтыру – қадағалаудың  басты назарында  - 2085601441

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу