Монополистің заңсыз талаптары тоқтатылды

11 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау қаласының прокуратурасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның кәсіпкерлерден артық жұмсалған тауарлық газға заңсыз төлемақы талап ету фактісін анықтады.

Өз кезегінде, олар артық жұмсалған газ есебін өздеріне пайда әкелетіндей қолданған, ал кәсіпкерлер газдан айырылудан қорыққандықтан белгіленген төлем сомасына келісуге мәжбүр болған.

Монополист ҚР Энергетика министрінің «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №96 бұйрығының талаптарына сәйкес 1,5 коэффициентті тек артық пайдаланылған газ көлеміне қолданылуы тиіс еді. Алайда, аталған коэффициент мөлшерін барлық пайдаланылған газға есептеген.

Жалпы 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында 800 кәсіпкерге 45 млн. теңгеге заңсыз төлем белгіленген.

Прокуратура актісімен заңсыз төлем туралы құжаттың күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Акционерлік қоғамның 2 жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу