Мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды

28 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

«Білім туралы» Заңның 52-бабына сәйкес, білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

Талдау барысында еліміздің Конституциясының 24 бабымен кепілдендірілген, жұмысшының еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алу құқығының өрескел бұзылғаны анықталды.

Мысалға, қала мектебінің бірінде бастауыш сыныбының мұғаліміне бастауыш сынып оқушысымен (3 топ мүгедегі) 70 сағат жұмысы үшін қосымша ақы төленбеген.

Атырау қаласы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде барлығы 816 мұғалімнің конституциялық құқығы қорғалып, оларға 13 млн. теңге көлемінде қаражат төленді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу