Мүгедек тұлғалардың құқықтары қорғалды

05 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы Индер ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде 151 мүгедекке 2 млн. теңгеден астам кепілдендірілген әлеуметтік көмек төленді.

Аудан прокуратурасы 2016-2018 жылдары Жұмыспен қамту бөлімімен атаулы күндер мен мереке күндеріне байланысты мүгедек тұлғаларға заңда көзделген әлеуметтік көмектер көрсетілмегенін анықтады.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде мүгедектердің құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу