Мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында заңдылықтың жағдайы туралы

02 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облыстық прокуратурасында «Мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында заңдылықтың жағдайы, соның ішінде осы санаттағы қылмыстардың профилактикасына, анықталуына, тергелуіне тиімді шараларды қабылдау» тақырыбында Құқық қорғау органдарының Академиясымен бірлесіп облыстық заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесі өткізілді.

2017 жылы Атырау облысында 42,3 млн. тонна мұнай өндіріліп, яғни бұл республикадағы өндірілген мұнайдың 49,2% құрады. Мұнайға іліспелі 20,9 млрд. текше метр газ өндірілген. 

Өңірде биыл мұнай өнімінің заңсыз айналымы саласында келтірілген залал құны 52 млн. теңгені құраған. Бұл залал тек қана анықталған қылмыстар бойынша келтірілген.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2017 жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқырумен байланысты, сондай-ақ оларды заңсыз сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты 35 (2016 жылы -32) қылмыс тіркелген. Оның 18 (7) сотқа жолданған.

2018 жылдың 6 айында осы санаттағы қылмыстардың 14 (2017 жылдың 6 айында 20) қылмыс тіркеліп, оның 5 (7) сотқа жолданған.

Прокуратурамен жүргізілген талдау қылмыстық істерді тергеу барысында мұнайдың немесе мұнай өнімдерінің шыққан жерлері анықталмайтынын көрсетті. Тергеу тек тасымалдаушыларды анықтау деңгейімен шектелуде. Ал шикізаттың бастапқы жөнелтушісі бүркемеленіп, ашылусыз қалуда.

Облыстық прокуратура қылмыстық жолмен табылған қаржыны анықтауды және кірісті заңдастыруына қарсы іс-әрекет жасауды құқық қорғау органдарының назарына аударды.

Үйлестіру кеңесі отырысында Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау Академиясының өкілдерімен «Мұнай және мұнай өнімдері саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу» ғылыми-тәжірибелік кешені табыс етілді.

Аталған жұмыс Қаржы министрлігінің МКК Экономикалық тергеу қызметініТҚ-нің тәжірибелік қызметіне енгізілді.

Отырыс қорытындысымен өнеркәсіп саласындағы көленкелі экономикаға қарсы күрестің нәтижелерін арттыруға бағытталған кешенді шаралар ұсынылды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу