Облыс прокуроры блок посттардың жұмысын тексерді

30 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры блок посттардың жұмысын тексерді - 1643534929

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен Атырау қаласында ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 15 сәуірі аралығында карантин енгізілді, облыс орталығына кіруге және шығуға тыйым салынды.

Осыған байланысты қаланың шығу жолдарында 4 блок посттар ұйымдастырылып, полиция, денсаулық сақтау органдары қызметкерлері және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері кезекшілік етуде.

Бүгін, уақытша шектеулерді жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуроры Х.Дәуешов «Атырау-Астрахань» және «Атырау-Орал» бағыттарындағы 2 блок постта болды.

Жалпы блок посттардың жұмысына оң баға берілді. Шығу нәтижесімен шектеу іс-шараларын жүзеге асыру барысында уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмдері үйлестіріліп, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында туындайтын жекелеген мәселелерді шешуге барынша жауапкершілікпен қарау тапсырылды.

Төтенше жағдай және енгізілген карантинге байланысты прокуратура мобильді топ құрды, ол белгіленген тәртіптің сақталуына жүйелі негізде тексеру жүргізуде.

Мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді.

       

Атырау облысының прокуратурасы

Облыс прокуроры блок посттардың жұмысын тексерді - 532889829
Облыс прокуроры блок посттардың жұмысын тексерді - 2069702796
Облыс прокуроры блок посттардың жұмысын тексерді - 888409463
Облыс прокуроры блок посттардың жұмысын тексерді - 1163416679