Прокуратура актісімен «Атырау Энергосату» ЖШС-і тұрғындарға 120 млн. теңге шығынды өтейді

07 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуратурасы «Атырау Энергосату» ЖШС-нің тұрғындарды электр энергиясымен жабдықтау кезінде 120 млн. теңге шамасында негізсіз пайда көру фактісін анықтады.

Тұрғындарға келген шығынды қайтару мақсатында монополистпен тариф 5,31 теңгеден 4,51-ге түсірілді.

Ағымдығы жылы облыс прокуратурасының актісімен сот тәртібімен 7 монополист мекеменің тарифтері ықтиярсыз бұзылды және уақытша өтемдік тарифтері бекітіліп, 57 мың азамат пен 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

4 мың кәсіпкер электр энергиясы үшін алдын ала төлем енгізу міндеттемесінен босатылды. Заңға сәйкес тұтынушы нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жасау қажеттілігіне орай, монополисттің 100% алдын ала төлем жасау туралы талабы құқыққа қайшы деп танылды.

Келесі жағдайда, «Жылыой су» ЖШС-і материалдық ресурстар алу шығындарын негізсіз қосу және штат санын жасанды көтеру арқылы қызмет құнын заңсыз көтерген.

Ықпал ету шараларымен Жылыой ауданы тұрғындары үшін тариф су беру бойынша 200-ден 149 теңгеге, жылу бойынша 2 500-ден 1 870 теңгеге, сарқынды суларды бұру бойынша 99-дан 71 теңгеге төмендетілді.

Электро және жылу энергиялары үшін тарифті қалыптастыру кезінде заңдылықтың сақталу мәселесі прокуратура органдарының қатаң бақылауында.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу