Прокурор мұғалімдердің жағында

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басымды бағыты болып табылады.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Атырау қаласының прокуратурасымен 5 мыңнан астам адамның құқығы қорғалған.

Мысалы, бірнеше жыл бойы қала мектептерінің 4 мыңнан астам мұғалімдеріне 250 млн теңге қосымша ақы төленбеген.

Айта кету қажет, қала бюджетінде аталған қосымша ақыны төлеу үшін қаражат қарастырылмаған болатын.

Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жергілікті атқарушы органмен бюджет өтінімі дайындалып, мәслихатпен мақұлданып, қазіргі уақытта аталған сома мұғалімдерге толықтай төленді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу