Прокурорлар ескертеді «Алданған үлескер болма!»

18 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздегі проблемалық мәселелердің бірі үлескерлерді заңсыз тарту болып табылады.

Әрине, үлескерлік құрылыс бүгінгі күні жылжымайтын мүлікті сатып алудағы ең сұранысқа ие тәсілдердің бірі. Алайда, азматтарға үлескерлік тұрғын үй құрылысына қатысудан бұрын ойланатын мәселелер де жеткілікті, себебі олар өз пәтерлерін тек құрылыс аяқталғаннан кейін ала алады.

Үлескерлік құрылыстан пәтерді тек әкімдіктен рұқсат алған сенімді құрылыс салушылардан алған жөн.

Ең бастысы құрылыс салушының құжаттарын және мәртебесін келісім жасасқанға дейін тексеріп алу керек, олар:

-        жер учаскесіне құқық беретін жергілікті атқарушы органның шешімі;

-        жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамасының қорытындысы;

-        құрылысты жүргізуге құқық беретін құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлерімен мемлекеттік лицензия;

-        әкімдікпен келісім.

Қала аумағында үлескерлерді тартуға рұқсат алған бірнеше кәсіпорындар бар.

Қазіргі уақытта прокуратурамен жосықсыз құрылысшыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, қала прокуратурасының бастамасымен азаматтарды заңсыз үлескерлік құрылысқа тартқан құрылысшылардың бірі  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-тармағымен (Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 530 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Прокурорлардың ең негізгі мақсаты - ол азаматтарды олардың заңды құқықтарын бұзатын жосықсыз құрылысшылардан ескерту арқылы қорғау.

Егерде Сіз үлескерлік құрылыстың құрбаны болсаңыз немесе ол туралы ақпарат білсеңіз прокуратура органдарына 8 (7122) 75-43-03, 27-07-78, 27-07-87 телефондары арқылы хабарласу сұралады.

                  

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу