Прокурорлар паркингтерден автотұрақтарды ажыратты

11 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы паркинг үшін алынған жер учаскелеріне салық салу заңдылығын сақтау саласында талдау жүргізді.

Бұл мәселені реттейтін қалалық мәслихаттың шешімінде (2018 жылғы 28 желтоқсандағы) бірыңғай түсінік болмаған.

Нәтижесінде қала кәсіпкерлерінің автотұрақтар үшін бөлінген жер учаскелеріне салықтар паркинг үшін бөлінген жерлер ретінде есептелген. Бұл кәсіпкерлерден салықтың он еселенген мөлшерінде өндірілуіне әкелген.

Облыс прокуратурасының келтірілген наразылығы негізінде қалалық мәслихаттың нормативті-құқықтық актісінің күші жойылып, салық салынатын учаскелердің түрлерін нақты ажыратумен (оның ішінде паркинг үшін пайдаланылатын) жаңа шешім қабылданды.

 

Атырау облысының прокуратурасы