Прокурорлық акт негізінде Атырау облысында балалар оқу құралдарымен қамтамасыз етілді

26 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлық акт негізінде Атырау облысында балалар оқу құралдарымен қамтамасыз етілді - 597293424

Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша 2016-2017 оқу жылындарында 20 мектептің кітап қоры 653337 дана құраған, оның өзінде 9026 оқу құралдары жетіспейтіні анықталды.

Жетіспеген 7026 кітап оқу бағдарламасынан алынып қалған ескі үлгімен алмастырылған, оның өзінде 2000 оқу құралы жетіспеген.

         Кітаптарды кейбір ата-аналар өз қаражаттарына сатып алуға мәжбүр болып, наразылықтарын тудырған.

         Себебі - оқушылардың санын сапасыз болжауы, сонымен қатар, қосымша оқу құралдарын сатып алу механизмі дұрыс жолға қойылмауынан орын алған.

Азаматтардың теріс көңілдерін ескеріп, аудандық прокуратурамен прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді, қаралу нәтижесімен бюджеттен қосымша жаңа оқу құралдарын сатып алу үшін 153 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта ауданы бойынша оқу құралдарының жетіспеуі толығымен шешілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу