Сенат депутаттары Құқық қорғау қызметтері орталығында болды

14 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
  Сенат депутаттары Құқық қорғау қызметтері орталығында болды - 1652056287

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары Атырау облысына іс-сапары шеңберінде Атырау облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында болды. 

Сенаторларды Орталық қызметімен таныстырды, халыққа қандай құқықтық қызметі көрсетілетіні жеткізілді.

Атап айтқанда, Құқық қорғау қызметтері орталығына әркім жүгіне алады және адвокаттан, сот орындаушыдан, медиатордан, психологтан, тегін консультация ала алады, сондай-ақ, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мамандары өз көмегін ұсынады.

Сонымен қатар, азаматтарды күн сайын прокурорлар қабылдайды, соның ішінде апта сайын облыс прокуратурасының басшылығымен қабылдау жүргізіледі. Арыздар қабылданады және электронды форматта уәкілетті органдарға жолданады.

Депататтар ҚҚО қызметімен танысып, азаматтарға ыңғайлы болу үшін Орталықта барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, оның қызметіне оң баға берді.

Атырау облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығы пайда болғалы, 2017 жылдың 18 қазанынан бері 6584 азаматқа құқықтық көмек көрсетті. Күніне 20-дан астам адам келеді. Бұл жерге түрлі мәселермен жүгінеді. Олар негізінен еңбек және азаматтық дауларға, тұрғын үй мәселелеріне, сот шешімдерінің орындалмауы және т.б. қатысты.

 

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу