Заңсыз ақша жинау тоқтатылды

04 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы аң аулау объектiсi болып табылмайтын жабайы аңдарды аулауға жолдама алу үшін заңсыз төлем жасауға қатысты прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдады.

Атап айтқанда, Атырау облысының аңшы және балықшы қоғамы кеңесінің 09.06.2017 жылғы шешімімен қасқырлар мен шибөрілерді аулау үшін бір тоқсанға 3 мың теңге және бір жылға 10 мың теңге баға белгіленген.

Аталған шешім ҚР «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 32-бабының 4-тармағы және 38-бабының 4-тармағына қайшы келеді. Осыған орай, прокурорлық ықпал ету актісі бойынша қасқырлар мен шибөрілерді аулауға жолдама үшін төлем алу тәжірибесі жойылды.

Нәтижесінде аталған Қоғам мүшесі болып табылатын 6 199 аңшының құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылданды. 

 Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу