Заңсыз топырақ қазғаны үшін 5 млн теңгеден астам сома өндірілді

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Экологиялық заңнамаларға сәйкес пайдалы қазбаларды қазу заңмен көзделген тәртіппен рұқсат етілген құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Осыған қарамастан, кейбір субъектілер рұқсатсыз пайдалы қазбаларды қазумен айналысып, қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруде.

Анықталғандай, Исатай аудандық прокуратурасымен «Потенциал Ойл» ЖШС-мен Жанбай ауылының тұсында жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз топырақ қазғаны белгілі болды.

1000 м3 астам заңсыз топырақ қазу салдарынан 4 млн теңгеге жуық залал келтірілді.

Аудандық прокуратураның ұсынуымен облыстық экология Департаментімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке 1 млн 200 теңге көлемінде айыппұл және 3 832 240 теңге залал өндіріліп, бюджетке түскен. 

Қазіргі уақытта Атырау облыстық прокуратура органдарымен пайдалы қазбаларды заңсыз қазу фактілерін анықтау мақсатында күшейтілген жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Атырау облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу