Жеңілдетілген несиені мақсатсыз пайдалану

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы прокуратурасы органдарының жүргізген тексеріс нәтижесімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы берген жеңілдетілген несиені мақсатсыз пайдаланған 12 кәсіпкер анықталды.

Кәсіпкерлерге бизнесті қолдау мен дамыту үшін берілген 20 млн. теңге қаражат басқа маққсаттарға пайдаланылған (үй құрылысына, емделуге).

Мысалы, қала тұрғыны жолаушылар тасымалдау мақсатында автобус сатып алу үшін 6%-бен 5 млн. теңге несие алып, алайда, аталған қаражатты үйін жөндеу мен емделуге жұмсаған.

Несие алушының үстінен бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 219-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ақшасы кейін мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Сол сияқты, бір жеке кәсіпкер жолаушыларды тасымалдаумен айналысу үшін 3 млн теңге несие алып, «KIA Cerato» көлігін сатып алып, 8 күннен кейін автокөліктің бұрынғы иесіне кері сатып жіберген.

Қадағалау актісі негізінде жосықсыз кәсіпкерлерден мемлекет пайдасына 16 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.   

 

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу